23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандағы білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға түзетулер енгізіледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтында заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобада көрсетілгендей, балалар мен жасөспірімдердің дәретханасы екі түрлі болады.
Дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалары орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады, – делінген құжатта.
Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.
Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп дәретханаларына бейнекамера орнатылу туралы бастама көтергенін айтқан болатын.
Әрине, мектеп дәретханаларына камера орнату туралы бастамалар бар. Бірақ бұл мамандардың мұқият талқылауын талап етеді. Өйткені бұл әлі жеке өмір. Бір мәселе шешілгенімен, екіншісі мәселе шығуы мүмкін, бұл жеке өмірге қол сұғушылық болып табылады, – деді Ғани Бейсембаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады