22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБлогер, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына қазақтың қонақжайлылығы туралы айта келе:
Қонақ келе жатыр, үй жинаңдар! Бала күнімнен білетінім, үйге қонақ келерде айналаны айнадай қылып жалтыратып қоятынбыз. Анам арнайы ыдысын шығарып, дастарқанға бар тәттісін үйіп-төгетін. Бәріміздің үстімізге әдемі киім кигізіп, шашымызды тас қылып өріп қоятын. Келген қонаққа біздің тек жетістігімізді баяндап, реті келсе жаттаған тақпағымызды айтқызып, 5 деген бағаға толы күнделігімізді көрсетіп қалатын, - дейді ол.
Актриса V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты халыққа үндеу жасады.
Айтпағым мынау, 8-16 қыркүйек аралығында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қонақ келеді. «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» өтеді. Барынша қонақжайлық танытайықшы. Өткенде тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес. Қазақ деген ұлттың бейнесін көрсететін біз. Мәселен, өзім шет елге барғанда таңданатын бір жайды айтайыншы. Түркияда әуежайдан қонақүйге жеткенше такси жүргізушісі елінің тарихын, қаланың әсемдігін тамсана баяндайды. Ұлы тұлғаларын айтып мақтанады. Сүйсінесің. Сізге жолыққан әр туристің алдында қазақ деген халықтың бейнесін көрсетіп тұрғаныңызды әрқайсымыз ұмытпайықшы, - деп жазды ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев