Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАлматыда жаңа ашылған аквапаркке арналған жарнамалық акция төтенше жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауда орталығында өткен шара аясында алғашқы 100 келушіге аквапаркке тегін билет уәде етілген, бұл жаңалықты естіген халық сауда орталығына лап қойды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан адамдардың сауда орталығының есігі ашыла салысымен жаппай жүгіріп кіргенін, бір-бірін итеріп, басып-озуға тырысқанын байқауға болады.
Пікір білдірушілер:
«Сонда бір билет үшін адамгершіліктен айырыламыз ба?», «Есік ашылғанда эвакуация басталғандай көрінді!», «Мұндай әрекетке қарап, ұялып отырмын...», «Жабайылық», - деп жазып жатыр.
Акцияны ұйымдастырушылар бұл жайтқа байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік