Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБорсықбай жылдар бойы суық жүрістен сүрінбей жүрген, өзі қартайса да мұрын құрғыр жас иске жалаңдап, кәртеймей жүрген білдей бір мекеменің бастық сымағы еді. Бүгін түнгі жорықтан таң ағара тұрып, тамыза алмаған темір тұлпарын тепкілеп-тепкілеп алды да, темір атаулының тұқымын, жеті атасын жездей қақтап боқ ауыз сөзді қанша бұрқыратса да «былқ» етпеген қаңылтырға бір түкіріп , асығыс көше автобузына мінді де, жанындағы орындыққа жалпая кетті. Өз ойы мен ойран-асыр болып отқан әлгі мықтының қасына жап-жас жеңіл кинген келншек келіп тұрдыда биазы үнмен бұлтиып біліне бастаған құрсағын сипап тұрып:
─ Мен жүктімін, жүкті... ─ дей бергені сол еді. Борсықбай селк ете түсті.
─ Айналайын қарындасым не айтып тұрсыз, мен саған жолағанда жоқпын ғой. Қалай сонда ?...
─ Сіз не айтып тұрсыз. ─ деді келншек жыларман болып:─ сіз.. сіз..
─ Не естісең сол шырағым, қаншама әйелмен көңіл қоссамда ішінде сендей келіншек жоқ болатын со..со.. сондықтан... ─ дей берген еді келіншек қатулана: ─ Тоқтат! деді айғайлап ─ Сіз не сандырақтап тұрсыз , мен сізге «мен жүктімін жүкті әйелге орын беріңіз» деп тұрмын, сондай қарапайым мәдениетті білмейтін қандай адамсыз! Әйел ашудан қалтырап кетті. Борсықбай «былқ» етіп отыра кетті. Сүйттіде тез есін жиып тершіген маңдайын бет орамалымен сүрткілеп автобуздан аялдамаға жетпей қарғып кетті. «Ұрының арты қуыс»деген осы да...
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес