11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБатыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылында 1918-1919 жылдары шығып тұрған бұл газеттердің РФ мемлекеттік мұрағатынан табылған 45 саны бұл кітапқа толық жинақталған. Қазақ баспасөзінің даму тарихын зерттеумен айналысып, бүгінге дейін бірнеше кітапты жарыққа шығарған үлкен жобаның авторы, ұйымдастырушысы – «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин. Газет мәтінін араб әліпбиінен аударған – Ерсайын Мергенбаев пен Мұратбек Жаxатов. Жинақты құрастырып, алғы сөз жазған – БҚО баспасөз тариxын зерттеу орталығының жетекшісі Қазбек Құттымұратұлы.
Шарада баспасөз тарихын зерттеуші, тарих ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің З.Қабдолов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Қылышбай Сүндетұлы мен "Жайық Пресс" ЖШС жанынан құрылған БҚО баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі, журналист Қазыбек Құттымұратұлы баспасөз тарихын зерттеуде ынтымақтасып жұмыс жасау жөнінде меморандумға қол қойды. Таныстырылмға қатысқан тарихшылар мен өлкетанушылар да өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жаңа жинақ Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының басты кітапханалары мен мемлекеттік мұрағаттарына табысталды.
Еске сала кетсек, соңғы жылдары «Жайық Пресс» медиахолдингі баспасөз тарихын түгендеумен жүйелі жұмыстануда. Бұған дейін әр жыл сайын ««Қазақстан» газеті. 1911-1913», «Қос газеттің тарихы», «Жайық журналистері», ««Ұран» газеті. 1917» кітаптары басылған болатын. Бірнеше жыл бұрын Мәскеу облысына қарасты Химки қаласында орналасқан Ресей мемлекеттік кітапханасының газет бөлімінен «Дұрыстық жолы» газетінің тігіндісі де табылған болатын. Бұл газеттің редакция алқасында Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев сынды белгілі тұлғалар жұмыс жасады. Алдыңғы үшеуі 1911-1913 жылдары жарық көрген «Қазақстан» газетін шығаруға атсалысса, Халел Есенбаев «Ұшқын» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тұңғыш редакторы.
Кітаптың таныстырылымында осы істің басы-қасында жүрген азаматтар ғасыр бұрынғы газеттерді кезең-кезеңмен зерттеу жұмысы атқарылып жатқанын, бұдан кейін де оларды жинақтау, бастыруды жүйелі жалғастыру жоспарда барын айтты.
Нұрлыбек РАХМАН
Суретке түсірген Медет ДОСЫМОВ
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес