7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.
Отырысқа Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
1) «Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы»;
2) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы»;
3) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы».
2022 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша барлығы 18 кандидат тіркелген (әр облыстан 6 адамнан).
Қызмет салалары бойынша 11 кандидат әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері, 4-і коммерциялық құрылымдардың, ал 3 кандидат мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері.
Олардың ішінде 14кандидат «AMANAT» партиясының мүшелері; 4-і партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Гендерлік құрамы бойынша: 5 әйел және 13 ер адам.
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу 3 тамызда сағат 18.00-де аяқталды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?