29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
ҚР Парламенті палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«ҚР Парламент палаталарын құрудың жаңа тәртібін айқындайтын нормалар сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады», - деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, ол жетінші шақырылым депутаттары әзірге таратылмайтынын түсіндірді.
«БАҚ өкілдері қазір бізге «Конституциялық реформалардан кейін жетінші шақырылым таратыла ма? « деген сияқты сұрақтар қойып жатыр. Қазір жетінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір жетінші шақырылымды тарату туралы мәселе қойылып отырған жоқ», - деді Алма Мұқанова.
Айта кетейік, 7 маусымда Орталық референдум комиссиясы Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданғанын мәлімдеген еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек