Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖаңа жыл адамзат үшін отбасылық мереке екені даусыз. Бұл адамдардың бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып, үйлерін безендіріп, шырша шамын жағып, тәтті тағамдармен бағалы сыйлықтарға ие болып, мәре-сәре болатын таңғажайып кезең.
Жаңа жыл қарсаңында көптеген көңілді кештер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Осы тұста ұлттар достығын асыл қазына санайтын Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы да Жаңа жылдың мерекені ерекше көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.
Жасыл шырша жанындағы іс-шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева қатысып, қонақтар мен балаларды мерекемен құттықтап, жыл бойы Ассамблеяның жұмысын ілгерілетуде белсене еңбек еткен татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы мен «Вайнах» шешет этномәдени бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі Алғыс хаттармен марапаттады.
Одан кейін шырша шамы жағылған ертегі кешіне арнайы келген Аяз ата мен Ақшақар өз өнерлерін көрсеткен балаларға тәтті сыйлықтарын үлестірді. Достық үйінің төрінде өткен «Қош келдің, Жаңа жыл!» қойылымдық концертіне этномәдени бірлестіктердің өнерпаз бүлдіршіндері қатысып, бала тілектерін жеткізді.
Кеш соңында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов қызықты әрі көңілді жаңа жылдық қойылымға қатысқан балақайларға мекеме атынан сыйлықтар табыстады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек