Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңы» шеңберіндеКөлік комитеті төрағасының орынбасары Нүркенов Қайриден ZOOM форматында жолаушылар тасымалдаушыларының өкілдерімен, операторлармен және вагон өндірушілерімен жолаушылар вагондарын жаңарту әрі теміржол кластерін құру бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында қатысушылар жолаушылар вагондарын жаңарту және теміржол кластерін құру мәселелерін талқылады. Комитет төрағасының орынбасары жолаушылар вагондарының техникалық жағдайына назар аударды.
«Бүгінгі таңда жаңа вагондар сатып алу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Биыл 62 «Тальго» вагоны сатып алынды. Жылдың соңына дейін тағы 11 вагон жеткізіледі деп күтілуде. 2025 жылдан бастап 537 Stadler вагондарын жеткізу жоспарлануда», – деді Қ.Нұркенов.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 2600-ден астам жолаушылар вагоны бар. Субсидиялау шарты негізінде вагондар паркін 10 жыл ішінде кемінде 15%-ға жаңарту көзделген. Өз кезегінде Комитет төрағасының орынбасары жаңарту үлесін 25 пайызға дейін арттыру қажеттігін атап өтті.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік