29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы шешімін таппаған өзекті мәселелерді саралап, тың ұсыныстарды талқылау мақсатында, ағымдағы жылдың 3 тамыз күні сағат Талдықорған қаласы, Достық үйінде біріңғай республикалық Медиация күніне орай Ашық есік күні аясында «Жаңа әлемде медиация институтының даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Осындай тақырыпта облыс бойынша 17 аудан 3 қалада да жиындар өтті.
Маңызды шараға «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің, облыстық сот, қоғамдық келісім мен аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің, «Нұр отан» партиясы облыстық және қалалық филиалдарының, ішкі саясат басқармасының, «Жаңғыру жолы» жастар штабының белсенділері, Талдықорған қаласының кәсіби, кәсіби емес медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданып, қылмыстық істер, азаматтық, еңбек, отбасылық және өзара құқықтық қатынастарға байланысты жекелеген дау-жанжалдар өз шешімін тауып келеді. Шағымданушы азаматтар мен заңды тұлғалардың медиацияға белсенді түрде жүгінуінің арқасында, сот жүйесіне түсетін ауыртпалық жеңілдеп, түрлі деңгейдегі істердің оң шешімін табатындығын, осы уақыт аралығындағы оң тәжірибе көрсетіп берді.
Жиында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев төрағалық етті.
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің Президенті Ж. Жақыпов қызықты және танымды баяндама жасады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек