Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіБүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығының және «Гала Глобал Групп» компаниясының тең төрағалары және құрылтайшылары Гүлшан Алиева мен Анна Лоенконы қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылы аталып өтілетін 25 жылдығы аясындағы іс-шаралар сөз болды. Кәсіби аудармашылар Жансейіт Қансейітұлына мерейтой аясында халықаралық келіссөздер жүргізуде өз қызметтерін ұсынып, әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Олар Қазақстанда алғашқы рет ең ірі аудармашылық Qazagstan Translation Forum-2020 форумын өткізу туралы халықаралық келіссөздерді Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықта жүргізу туралы өз ұсыныстарын айтты. Аталмыш форум еліміздің кенже қалған аудармашылық саласын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Жансейіт Қансейітұлы форумның өткізілуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан қолдау білдіруге дайын екенін айтты.
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры