Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, 24 жастағы Г. есімді азаматша жәбірленушілерге құжат рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, алаяқтық жолмен ақшасын алған.
– Жәбірленушілер ірі көлемде ақша бере отырып, мұның алдау екенін елестеткен де жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу қыздың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қала полицейлері азаматтарға сақ болуға және ақылы түрде күмәнді қызметтерді уәде еткен бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс