Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПариждің Корто залында белгілі қазақстандық пианист, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор Жәния Әубәкірованың 30-жылдық шығармашылығына арналған концерті өтті.
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Франциядағы Қазақстан күзі» әлеуметтік-мәдени жобасының аясында өткен концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары, беделді конкурстардың жеңімпаздары Ержан Кулибаев (скрипка), Сания Дүркейева (виолончель), Роман Юсиипей (аккордеон) қатысты.
Қазақстан виртуоздары ұлы классиктердің туындыларын, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармаларын орындады.
Ж.Әубәкірованың еуропалық туры Австрия, Германия және Польша астаналарында жалғасады.
Көрермендер өздерінің әсерлерімен бөлісті: «Франция көрермені өте талғампаз. Бірақ, осы талғампаз көрермен Бахтың хоралын ешқашан пианино мен акордеонның бірігіп сүйемелдеуінде тыңдап көрмеп еді. Қазақ музыканттары ғажап орындады. Қазақстан жайлы білгенмен, осындай жаһандық деңгейдегі талантты музыканттары бар екеніне концерт арқылы көзім жетті. Керемет əсер алдым. Енді қазақ концерттеріне жиі барып тұрам деп шештім».
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек