1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКөкшетау қаласының Достық үйінде «Ресей және Қазақстан: біздің елдердің достығы мен бірлігі» іс-шарасы өтті.
Бұл жолы да АҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен өткізіліп, қала тұрғындарының, мектеп оқушыларының, облыстық этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдерінің басын біріктірді.
«Русская песня» ансамблінің (жетекшісі – Зоя Авилова) лирикалық әуендері мен Ақмола облысының татар және башқұрттары қоғамдық бірлестігінің «Ғалиябану» фольклорлық ансамбльінің ырғақты әрі көпдауысты әндері кезек-кезекпен шырқалды.
«Вайнах» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің орындауындағы «Лезгинка» биі көрермендер тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Сонымен қатар «Этно» және «Мөлдір» хареографиялық ұжымдарының орындауындағы көңілді «Украин биі», «Малышня», «Чунга-чагна», «Конфетка» билері жиналған қауымға ерекше мерекелік әсер сыйлады.
ҚХА мүшесі, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко «Ақмола облысының орыс қауымымен» өзара ынтымақтастық үшін шығармашылық ұжымдарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?