6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖүктілік кезеңі әрбір әйелзаты үшін аса маңызды уақыт, сондықтан дәл осы кезде нәзік жандылар өздеріне бұрынғыдан гөрі жақсырақ қарай бастайды. Өйткені, жүкті әйелдің денсаулығы іштегі баланың саулығына тікелей байланысты келеді.
Қажетті ақпарат: Жүктілік кезінде әйел ағзасында түрлі өзгерістер орын алады. Бірінші триместр кезінде жүкті әйелге жағымсыз әсер ететін токсикоз үрдісінен қашып құтылу мүмкін емес, алайда оны жеңілдететін жолдары бар. Мәселен, токсикоз басылмаған жағдайда әйнек құтыдағы боржоми суын ішуге, зімбірден қайнатылған сусынды пайдалануға, тіпті шайдың жапырағын шайнауға болады. Мамандар жүкті әйелдерге көк, ақ, қара шайдан өзге итмұрыннан қайнатылған шай ішуге кеңес береді. Аталмыш шай ағзаны В дәрумені және темірмен қамтамасыз етеді. Зімбір мен жалбыз, сонымен қатар күніне бір кеседен аспайтын түймедақ шайы да жүкті әйелдің саулығына оң әсерін тигізеді.
Зімбір шайы
Жалбыз шайы
Итмұрын шайы
Аталмыш заттарды диетолог, эндекринолог, гинеколог мамандардан кеңес алған соң ғана қолдануды ұсынамыз. Өйткені, аталмыш мамандар жүкті әйелдің анализдерін зерттеген соң ғана қолдануға болатыны немесе болмайтыны жайлы қорытынды жасай алады.
Жүктілігіңіз жеңіл, шайыңыз дәмді болсын!!!
Дайындаған: Құлжанбай тегі Арайлым
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі