Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыӘзербайжанның Гедабай ауданының Кяляман ауылында 74 жастағы Зейнаб Нағиева есімді зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгісіз біреулер жалғыз тұратын қарт әйелдің үйіне кіріп, қол-аяғын байлап, басына ұн қапшығын кигізген. Кейін оны ауыр затпен ұрып-соғып, ақша қайда жасырылғанын айтуын талап еткен.
Белгілі мәліметтерге сәйкес, оқиға таңертең болған. Зейнаб Нағиева малға жем-шөп беруге шыққан. Ол шөп алмақ болып шатырға көтерілгенде, сол жерде тығылып отырған қаскөй оған қапшықты кигізіп, байлап, ішке лақтырып жіберген. Салдарынан әйел ауыр жарақат алған.
Қызы анасының үйде жоқ екенін байқап, дереу дабыл қаққан. Қорадан шыққан әлсіз дыбыстарды естіген бойда, ол дереу полиция мен жедел жәрдем шақырған. Алдымен Зейнаб Нағиева Гедабай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, кейін Гянджа қаласындағы емханаға ауыстырылды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады