29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды El.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
– Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері талқылануда. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, талқылап жатырмыз, – деді Тоғжанов.
Тоғжанов Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.
– Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан бұл мәселені талқылап жатырмыз, – деді ол.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын айтқан еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек