Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Әйелдер күресінен 53 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Зейнеп Баянова Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол кіші финалда моңғолиялық спортшы Отгонтуя Чинболдтан 10:4 есебімен басым түсті. Бұл екі палуан арасындағы 3-ші белдесу болып отыр. Былтыр Аммандағы (U23) сары құрлық бәсекесінің жартылай финалында, сосын Тиранада өткен әлем чемпионатының (U23) қола медаль үшін айқасында Чинболд басым түскен еді.
Еске сала кетейік, былтыр дәл осы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) Зейнеп өзбек спортшысын жеңіп, үздік үштікті түйіндеген.
Бұл жүлде әйелдер күресінен Аммандағы осы чемпионатта команда қоржынына түскен алғашқы медаль болып отыр.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?