Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Шығыс Қазақстандағы ұлтаралық жағдай жағымды қалыпта. Бұл жөнінде өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу қорытындылары хабарлайды.
Бүгінде 1,4 миллионға жуық тұрғыны бар Шығыс өңірінде 100-ден астам ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.
Өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты анықтау мақсатында ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы тапсырысы бойынша ТОО «ZYMYRAN M» зерттеу институты облыс тұрғындарының 80% астамы этносаралық қарым-қатынаста позитивті әлеуметтік көңіл-күйде екендігін анықтап берді.
Аймақтағы толеранттылық деңгей тұрақтылықпен сипатталады. Тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас кезінде этникалық тиістілігіне мән бермейді.
Сонымен қатар, сауалнамаға сәйкес, өңір бойынша Достық үйінің қызметі (94,7%) мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына халықтың 70%-дан астамы қолдау көрсетті.
Ұлтымыз, дініміз, мәдениетіміз өзге болғанымен, өңірдің әр түпкірінде этностық тиістілікке қарамастан ұлттық мерекелер бір болып, барлығы жұмыла тойлайтыны рас.
Мысалы, 2019 жылдың маусым айында өткен түркі тілдес ұлттардың Сабантойы мен славян ұлттарының «Купала-солнцеворот» мерекелері аталып өтті. Оларға барлық этностар жұмыла атсалысты.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік