11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекСтепногорскіде зергерлік дүкенге 180 млн теңгеден аса шығын келтіргендер анықталды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды. Еске салсақ, 1 мамырда белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлаған болатын.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола облысы ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары болып шықты. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.
Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес