30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Астанада өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына келді, деп хабарлайды El.kzҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрметті қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Ильхам Әлиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Саммитке Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады.
14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы – ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатты қарау және қабылдау жоспарланған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды