Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыУкраина президенті Владимир Зеленский бейсенбі күні кешке Түркиядағы ресми сапасын аяқтап, Албанияға аттанды. Бұл туралы украиналық «Новости.LIVE» телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Зеленский Түркиядан Албанияға жол тартты. Түркиядағы ресми сапары аяқталған соң Владимир Зеленский Еуропалық саяси қауымдастық саммитіне қатысу үшін Албанияға бет алды, – делінген телеарна таратқан Telegram-парақшадағы хабарламада.
Бейсенбі күні Зеленский Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізген болатын. Кездесуден кейін ол Ресеймен келіссөздер жүргізу үшін Украина делегациясы қорғаныс министрі Рүстем Умеровтің басшылығымен Ыстамбұлға аттанғанын мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, украин делегациясының бұл сапары «Трамп пен Ердоғанға құрмет ретінде» ұйымдастырылған. Алайда өзі бұл келіссөздерге қатыспайды. Мұндай шешімді ол Ресей президенті Владимир Путин кездесуге келмегендіктен қабылдаған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді