6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Қостанай облысының Арқалық қаласына барып, су тасқынына байланысты жедел құрылған жедел штаб жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда тасқыннан зардап шеккендерге қажетті тұрмыстық заттарын арнайы әкеліп, табыстады. Сондай-ақ, қор басшысы елдің әр түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап алу, сұрыптау, тарату шаруаларына атсалысты.
Одан бөлек Мақсатбек Мақсотұлы эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, Қостанай облысындағы Қызыл жұлдыз ауылын толықтай су шайған соң, ауыл жұрт Арқалық қаласындағы жатақханаға орналастырылған еді. Олардың уақытша тұрғынжайына Мақсатбек Мақсотұлы арнайы бас сұғып, қажетті тұрмыстық заттарды табыстады. Сондай-ақ, тағы қандай қажеттіліктері бар екенін сұрап, хал-жағдайын білді.
muftyat.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі