2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӘскер сапындағы танкистер мен ардагелерді құттықтаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов танкистер жауынгерлік дайындық деңгейін ұдайы арттырып қана қоймай, кәсіби шеберліктерін шыңдап, іс-қимылдың жаңа тәсілдерін меңгеретінін атап өтті.
Танкистер батылдығымен, шыдамдылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Олар тактика мен шұғыл іс-қимылды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдану негіздерін терең меңгерген. Қорғаныс министрлігінің басшылығында әрдайым танк әскерлерінде қызмет еткен генералдардың да болуы кездейсоқтық емес, – деді ведомство басшысы.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзінің әскери борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қоғам ісіне және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене араласуды жалғастырып келе жатқан Қарулы күштердің ардагерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Салтанатты жиналыс барысында Қорғаныс министрі 2022 жылғы тамызда өткен Халықаралық армия ойындарының соңғы қорытындыларын жариялады. Биыл еліміздің Қарулы күштері 34 байқаудың жетеуіне қатысып, төрт «алтын» және бір «күміс» жүлде олжалады. Осылайша, жалпы есепте 38 елдің ішінде үшінші орынға ие болды.
Барлығы да жеңістің оңай келмегенін көрді. Шын мәнінде, бұл жарыстар біздің әскери экипаждар, есептоптар үшін сынақ алаңы болды. Жауынгерлер моральдық және психологиялық тұрғыда жетіліп, жеңіске деген шексіз ерік-жігерін, өз кәсібіне және әскери мамандыққа адалдығын осы сайыстарда анық көрсетті, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Қорғаныс министрі әскери сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге ведомстволық «Ел қорғаны» медальдарын табыс етіп, сонымен қатар мерзімінен бұрын әскери атақтар берді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова