2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ «ҚХА-ның үздік медиаторы», «ҚХА-ның үздік медиация кабинеті» конкурстарын жариялайды.
Аталмыш конкурс қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны насихаттау және дамытуға жәрдемдесу, өткізілетін медиативтік рәсімдердің сапасын арттыру, кәсіби емес медиаторлардың қызметі туралы ақпараттық кеңістік құру үшін өткізіліп отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Ассамблея жұмысының жаңа бағыттарын белгіледі, олардың бірі даулы жағдайларды сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамыту болып табылады.
Осыған орай 2016 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» КММ жанынан медиация кабинеттері ашылды және маман-медиатор штаттық бірліктері бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына 2018 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтының дамуына жәрдемдесу Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Жоғарыда келтірілгендердің барлығын ескере отырып, сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз және тиісті құжаттар пакетін 2018 жылғы 30 қазанға дейін mediator.ank@mail.ru эл.поштасына жолдауың сұраймыз, тел. 8/7172/74-12-38.
(Ереже қоса беріледі).
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова