7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Өзбекстанның ерлер құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өткен шахмат олимпиадасының ақтық кезеңінде Нидерланд құрамасын жеңіп, тарихта тұңғыш рет турнир чемпионы атанды. Бұл туралы Өзбекстан шахмат федерациясының президенті Әлішер Садуллаев Telegram арқылы мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін 44-ші шахмат олимпиадасының соңғы 11-турында Өзбекстан Нидерланд құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Гроссмейстерлер Нодирбек Якуббоев, Джавохир Синдаров және Нодирбек Абдусатторов өз қарсыластарымен тең ойын жүргізді. Шешуші кездесуде Жахонгир Вахидов Макс Уордердамды жеңіп, елдің ұлттық құрамасына олимпиаданың тұңғыш алтын медалін әперді.
«Тағы бір тамаша жаңалық: Өзбекстан құрамасы осы Олимпиадада бірде-бір жеңіліс көрмеген жалғыз команда болды. Барша отандастарымызды тарихи жеңісімен құттықтаймын!» – деп жазды Әлішер Садуллаев.
44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Үндістанның Ченнаи қаласында өтті. Жабылу салтанаты ертең, 10 тамызда болады.
Бұған дейін дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 2026 жылы Өзбекстанда өтетіні хабарланған болатын. Республика бұл жарысты алғаш рет өткізеді. Олимпиада өткізілуі мүмкін қалалар – Ташкент немесе Самарқан.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?