30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты17 мамырда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени, әдеби, рухани сабақтастығы аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Достықтың дархан ұясы» атты өзбек мәдениетінің күні өтті.
2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. Бұл туралы өткен 2017 жылдың соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен Астана, Ташкент сапарлары кезінде болған шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін мәлімдеген болатын.
«Өзбек халқы – біздің жақын көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі. Сондықтан Өзбекстанмен байланыс біз үшін қашанда маңызды. 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп жарияланады» деген Н.Назарбаев қос мемлекеттің арасындағы сауда айналымын арттыруға айрықша мән берді.
Іс-шараға Павлодар облысындағы өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты. Шара қатысушылары бауырлас мемлекеттің мәдениеті, өнерімен таныстырады. Өзбек халқының әндері мен билері көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар өзбек тілінде өлеңдер оқылып,
С. Торайғыров атындағы кітапхана қорынан алынған тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды