6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстандағы Зайсан мен Катонқарағайда салынып жатқан жаңа әуежайлардың құрылысы жоспарланған мерзімге сай жүріп жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімнің cөзінше, екі аудандағы аэроинфрақұрылым нысандары мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Қазіргі таңда Зайсан әуежайының құрылысы – 66 пайызға, ал Катонқарағайдағы нысан 55 пайызға орындалған.
Ұшу-қону жолақтары толық салынып бітті. Қазір перрондар мен аэровокзал ғимараттары тұрғызылып жатыр. Осы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, «ҚазАэроНавигация» қажетті жабдықты сатып алып, оны орнату жұмыстарын жүргізуде, – деді ол.
Нұрымбет Сақтағанов жаңа әуежайлар алғашқы әуе рейстерін келесі туристік маусымда қабылдай алатынын айтты. Оның сөзінше, алғашқы ұшақтардың қонуы шамамен сәуір-мамыр айларына жоспарланып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі