Кеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылды, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заң аясында еңбек өтілі 10-нан асқан, алайда 20 жылға жетпеген, яғни денсаулық жағдайына, қысқаруына және мерзімді жасқа келуіне байланысты әскери қызметтен босатылған әскери зейнеткерлер жабық әскери қалашықтағы қызметтік үй-жайларын Қазақстан өңірлеріндегі тұрғын үйге айырбастау құқығын пайдалана алады.
Ведомство мәліметінше, Қарулы күштерде осы санатта 742 адам болған, бүгінгі таңда олардың 463-і баспанасын ауыстырды. Қалған 279 әскери зейнеткерлермен жұмыс әлі де жалғасады. Қазіргі уақытта 23 адам Алматы қаласының 79 разъезінде салынып жатқан "Рона" тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуын күтіп отыр.
Сондай-ақ, әскери полиция өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй қорына тексеру жүргізіліп жатыр. Заңсыз тұратын адамдар анықталса, запасқа шығарылған әскери қызметшілер арасында қайта бөлу үшін тұрғын үй-жайларды босату шаралары қолданылады.
Әскери зейнеткерлердің қалған бөлігін 2025 жылдың соңына дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Кеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс