6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда мен Ұлытау облысының 5 тұрғыны әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар осы жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында көпшілікті құмар ойынға арбап, 70 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Қызылорда облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті оңай жолмен ақша тапқан топтың жолын кесіп, заңсыз әрекетін әшкереледі.Олар алғашында 400 мың оқырманы бар парақшасын сатып алып, онлайн "Карта-лото" құмар ойынын өткізген.Кейін басқа да желілерде ұйымдастырып, заңсыз ойын бизнесінің аясын кеңейткен.
Халықты сан-соқтырған бесеудің кінәсі дәлелденіп, айыпталушылар сот үкімімен 2 жыл 6 айдан 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі