Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда қылмыскерлердің «дропперлерді» қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиіледі. Мысалы, Ұлытау облысында алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 26 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, оның 15,4 млн теңге сомасындағы бір бөлігі «дроппердің» шотына аударылғаны анықталды.
Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты «дропперден» өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды, - делінген мәліметте.
Былтыр облыста сот 69 млн теңге сомасына 42 талап-арызды қанағаттандырды.
Ал биыл сот 28,3 млн теңге сомасына 13 талап-арызды қанағаттандырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді