Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада өзін «уағызшы» ретінде таныстырып жүрген Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет-порталы.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, ол діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқан.
Бұл оның алғаш рет заң бұзуы емес. Бұған дейін 2025 жылдың қазан айында дәл осындай әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Соған қарамастан, араға уақыт салмай, заң талаптарын елемеген.
Аталған дерек бойынша басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 8-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды. Бұл – бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде сол құқық бұзушылықты қайталап жасауға қатысты норма.
Сот шешімімен Дарын Мубаров кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі есеп бойынша бұл 865 мың теңгені құрайды.
Құзырлы орган өкілдері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, діни мазмұндағы материалдарды таратуда белгіленген тәртіпті бұзбаудың маңызын еске салды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?