Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек соттардың заңды күшіне енген шешімдері орындалмай жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат соттың адам құқықтарын жан-жақты қорғайтын институтқа айнала алмай отырғанын айтты. Оның сөзінше, заңнама әлі де жетілдіруді талап етеді, сондықтан кем тұстарын қоғамның бүгінгі сұраныстарына сай өзгерту маңызды.
Мәжілістің қабылдау бөлмесінде бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым. Бұл Парламентке деген сенім болғанымен, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер тиісінше жүзеге аспай, орталыққа дейін жетуде дегенді білдіреді. Сондықтан жергілікті органдардың жауапкершілігі мен жұмысын күшейту керек, - деді мәжілісмен.
Базарбектің айтуынша, кез келген салада үзілді-кесілді заңның үстемдігі орнады деуге келмейді.
Халықпен кешенді түрде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның жоқтығы, құқықтық нигилизм мен адамдардың сана-сезімінде заңды айналып өту, заңға бағынбау, заңның жетілмеген тұстары мен кемшілігін өз жеке пайдасына бейімдеу сияқты іс әрекеттер жиілеп кетті. Бұл ұзақ уақыт бойы заңдарды лоббистік жолмен олигархтардың мүддесі үшін әзірлеп қабылдағанының салдары. Құрылыстағы лобби, банктік топтар лоббиі, мұнай-газ саласындағы лобби сияқты дүниелер әзірдің өзінде де бар, - деді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары