22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы айлық өтіп жатыр. Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткімен жасырып кетіп жүрген екі жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған.
Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Ол өзіне жасырып кеткенді іздеп жүріп, одан да ірі есірткі партиясына тауып алғанын мойындады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Астаналық полиция есірткі сақтау мен қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, профилактикалық шаралардың жалғасатынын атап өтті.
Елордада жүзеге асырылып жатқан есірткіге қарсы айлық сияқты шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарына және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы күресте бірлескен әрекетті күшейтуге маңызды рөл атқарады.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар кешені бірлескен рейдтерді, оқу орындарындағы алдын алу әңгімелерін, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстарын қамтиды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев