23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» апталығы аясында орталық базар аумағында көшпелі азаматтарды қабылдау шарасын өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және аудан тұрғындарына өзекті мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету болды. Базарға келген тұрғындар аудандық прокуратура, полиция, ТЖД, мемлекеттік кірістер органдары мен санитариялық қызмет өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.
Қабылдау барысында қала тұрғыны алимент өндіру мәселесі бойынша прокурордан көмек сұрады.
Күйеуім төрт жылдан бері нақты табысын жасырып, алиментті ең төменгі жалақыдан төлеп жүр. Ол Шымкент қаласында тұрады. Маған оның табысын жасыру дерегі бойынша тұрғылықты жері бойынша қадағалау органдарына арыз жазу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, оның мүлікке, көлікке немесе бизнеске иелігі сияқты жасырын табыстарының дәлелі болса, алиментті қайта есептеу туралы өтініш жазу керектігі айтылды. Мен толыққанды жауап алдым және енді қалай әрекет ету керектігін білемін, - деді елордалық тұрғын.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтары, төтенше жағдай туындаған жағдайда не істеу керектігі жөнінде сұрақтар қойылды. Санитариялық талаптар, салықтар және жеке қауіпсіздік тақырыптары қозғалды. Жастарды тұрғын үй бағдарламалары қызықтырды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады