6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер23 маусымда елімізде «Заң мен тәртіп» атты ақпараттық-түсіндіру апталығы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА мәліметінше, бұл республикалық акция аясында прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды. Қабылдаулар ірі сауда орталықтарында және ХҚКО-ларда өткізіліп жатыр.
Акцияның басты мақсаты – азаматтарға заңгерлік кеңес беру, заңнама мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтау, - делінген мәліметте.
Алғашқы екі күннің өзінде құқық қорғау органдарының өкілдері шамамен 8 мың жуық азаматты қабылдады.
Өтініштер әртүрлі тақырыптарды қамтыды: жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балалардың қауіпсіздігі, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелері.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі