12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікІІМ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруды жалғастыруда. Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі "мефедрон" салынған пакет табылды.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер