Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде өзін ұсталды деген хабар тараған соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында құқық қорғаушыны полиция ұстағаны туралы мәлімдеген, алайда көп ұзамай Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болады. Жемқорлар мен сыбайласқандар өздерінің қылмысы ашылмас үшін бәріне баратыны белгілі емес пе?! Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыстың құрамы болмаған соң жабылған!
Шыны керек, басымнан өтіп жатқан қылмыстық істердің, соттардың бір де бірін халықпен бөліспегенмін.
Ел алдында жүрген соң, әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі емес пе? Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне нық сенімдімін! – деді Айгүл Орынбек.
Заңгер қолдаған адамдарға алғысын білдіріп, жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын алға тартты.
Реформа болу үшін әрекет болуы керек, ол әрекеттер кедергісіз болмайды. Осыншама халықтың мені қолдағанын оқып қуанып отырмын. Мені қолдауға жиналудың қажеті жоқ, менде бәрі жақсы. Арқамда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ме?! Маған қатысты заңсыз іс-әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар, заң алдында жауап бересіңдер! Өмір – күрес, күрес әрі қарай жалғасады! – деп түйіндеді ол.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?