Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«ЗаманBack 2» фильмінен кейін «Алтынай» әні қайтадан көрерменнің жүрегін жаулады. Әсіресе, Tik-Tok желісінде осы ән жайлы іздеп, тыңдайтындар көбейген. Осы орайда әннің тарихы мен алғашқы орындаушылары туралы тарқатамыз.
Фильмнің режиссерлері ұтымды шешім қабылдаған. Себебі кинода 1992 жылы болған оқиға суреттелсе, «Алтынай» әні 1991 жылы дүниеге келген. Ал осы туындыны Лұқпан Жолдасов 1992 жылдан бері орындап жүр. Әйгілі композитордың орындауында ән жаңаша сипат алып, халық арасында кеңінен танымал болды.
«Алтынай» әні кімге арналған?
Иә, «Алтынай» әнінің сөзін – ақын Ханбибі Есенқараева, әуенін – композитор Құралай Сәтмұхамбетова жазған. Атақты ән 1991 жылы Қырғызстанның Ош қаласында Құрманжан датқаның 180 жылдық мерейтойы өткен соң туған.
Сол жиынға барған Ханбибі Есенқараева өзін сонда қарсы алып, қонақ еткен Алтынай Сүлейменова есімді кәсіпкер әйелге тәнті болады. Қырғыз қызы да ақынға бауыр басып, 3-4 күн арқа-жарқа болады. Елге қайтар күні таяғанда Ханбибі ақынды шығарып салып тұрып Алтынай көзіне жас алып «сізді енді қашан көремін, сағынатын болдым ғой» деп мұңаяды. Сонда ақын толқыған күйі Қазақстанға қайтады.
Қайтар жолда ақынның көз алдынан Алтынайдың бейнесі кетпей, қимас құрбыға арнап өлең жазады. Ханбибі Есенқараеваның айтуынша, осы өлеңге бес композитор ән жазған екен. Ақын ішінен Құралай Сәтмұхамбетова шығарған нұсқаны таңдап алған.
Хан-апа өлеңді қырғыз қызына арнап шығарса, композитор Құралай Сәтмұхамбетова қазақ қыздарына арнаған екен. Өлеңді оқығанда көз алдына әнші Алтынай Жорабаеваны, иллюзионист Алтынай Байтоқанова сияқты арулар оралып, бас-аяғы бір аптаның ішінде нотаға түсіреді.
Ал қырғыз қызы туралы сұрасаңыз, ол бірнеше рет Хан-апасын сағынғанда Ташкент арқылы ұшып келіп, Шымкентке көлікпен жеткен көрінеді. Кейіннен Қырғызстандағы саяси көтерілістен соң, Канадаға қоныс аударып, сонда тұрақтап қалған.
35 жыл өтсе де тыңдарманын жоғалтқан жоқ
Сөйтіп, «Алтынай» әні ел ішін кезіп кетеді. Әннің алғашқы орындаушысы – Рамазан Стамғазиев. Ол бірде әйгілі әнші Нұрғали Нүсіпжановтың тапсырмасымен Құралай Сәтмұхамбетованың шығармашылық кешіне қатысуға бекінеді. «Қазақконцерт» ұжымы композитордың әндерін өзара бөлісіп алады. Сол тұста Абай атындағы унверситетте білім алатын Стамғазиев кеңеске жетем дегенше, 4-5 ән қалады. Сөйтіп, туындыларды ары қарап, бері қарап, осы «Алтынай» әнін таңдайды.
Бұл ән менің өмірімді өзгертті. Алғаш осы ән арқылы ауыл ішінде таныла бастадым. Кейін «Алтынай» батыс өңірлерінде көп тыңдалды. 1997 жылы Лұқпан Есеновтің шақыртуымен «Тамаша» бағдарламасында өнер көрсеттім. Сол сәттен кейін бұл ән бүкіл Қазақстанға тарады, - дейді Ұлықпан Жолдасов «Бәрекелді» бағдарламасына берген сұхбатында.
Иә, Ұлықпан Жолдасовтың төлқұжатына арналған әнді Рамазан Стамғазиевтан бөлек Гүлмайдан Сүндетова, Жұбаныш Жексенұлы да шырқайды. Лұқпан Жолдасов 1992 жылы ел арасында орындап, батыс өңіріне танымал болады. Кейін «Тамаша» бағдарламасында орындап, күллі елдің қошеметіне бөленеді. Содан бері бұл әнсіз той өтпей, қазақ даласында Алтынай есімді бойжеткендер көбейеді.
Расымен, әннің тағдырын тыңдарман шешеді. Ұлықпан Жолдасов айтқандай халықтың жүрегіне жеткен ән ғана уақыт сынынан сүрінбей өтеді. «Алтынай» әні де дәл солай заман өзгерсе де, Z буынның көңілінен шығып, қайта хит-парадқа қосылды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс