13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес оқу орындарында «Әлем елдеріндегі алғыс білдіру дәстүрлері» тақырыбында лекциялар ұйымдастырылды.
Осыған орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінде, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Сәулет Сахиев пен «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақовтың лекциясы тыңдалды.
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде өткен лекция Алғыс айту күні мен діни сауаттылық тақырыптарын қамтыды. Дәрісті «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Шәрібай Тобжанов оқыды.
«Болашақ» университетінің мәжіліс залында кезекті дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің алғы сөзін университет ректоры Қуаныш Дәуренбеков бастап, аталмыш мерекенің өзектілігіне тоқталды. Лекцияның баяндамашысы Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Рахия Абуова өз сөзінде Алғыс айту күнінің тарихы мен әлем елдеріндегі алғыс білдіру дәстүрлері туралы баяндады.
Дәріске облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Ирина Шек, «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Надежда Шумейко қатысып, өз пікірлерін білдірді.
М. Маметова атындағы гуманитарлық колледжде «Қоғамдық келісім» КММ директорының кеңесшісі Ержаг Уайстың лекциясы тыңдалды.
Аймақта оқушылар арасында «Алғыс айту – парызым» тақырыбында эссе жазу жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында арнайы сайыс өтті.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері М.Маметова атындағы гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бақытжан Ахунның лекциясын тыңдады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды