29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Самара-Шымкент» трассасында жол апатынан 5 адам қаза болды, оның арасында 2 бала бар, деп хабарлайды El.kz.
Жол апаты бүгін түнгі сағат үш шамасында Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» автожолының бойында болған.
– Оқиға орнында 27 жастағы азаматтың басқаруындағы «Toyota Camry» және 42 жастағы азаматтың басқаруындағы «Daewoo-Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші, «Daewoo-Nexia» көлігіндегі Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын 42 жастағы жолаушы, 6, 10 жастағы екі бала көз жұмды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, «Жосалы» күрежол медициналық бекеті, жедел жәрдем бригадасы, аудандық полиция бөлімінен келген мамандар тиісті жұмыстар атқарған.
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек