2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қызылордада көлігімен жасөспірімді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға облыс орталығындағы Қорқыт Ата және Ыбырай Жақаев көшелерінің қиылысында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтпекші болған жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші автокөлігімен оқиға болған жерден бой тасалаған. Жарақаттанған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
«Бұл оқиға бойынша облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тарапынан іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Mitsubishi Galant» үлгісіндегі автокөлік жүргізушісі ұсталды. Заң бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің екі бабы бойынша, яғни 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс