Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ботақан» балабақшасында «Менің алғысым» атты мерекелік сурет салу байқауы өткізілді.
Оның барысында балалар ән салып, би билеп, сурет салды. Шығармашылық сайыс арқылы балдырғандар бір-біріне алғыс айтуды үйренді. Бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге түрлі қызықты қойылымдар мен байқаулар дайындап, сайыс барысында өздерінің қиялы мен шығармашылық өнерін көрсетті. Сурет салу кезінде балақайлар түрлі әдістерді пайдаланды.
Балабақша тәрбиешілері кішкентай таланттарын мақтан тұтады. Биылғы жылы кіші топта тәрбиеленетін 12 бала «Қазақстан үміті» жас таланттарының республикалық байқауында 1-ші орынды иеленді. «Хореография өнері» номинациясының иегерлері әділқазыларды билерімен тәнті етті.
Облыстық ҚХА өкілдері балабақша әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, сайысқа қатысқан барлық балаларға ертегі кітаптарын, бояуға арналған сурет дәптерлері мен түрлі-түсті қаламдарды сыйға тартты.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады