Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық ғылыми-ағарту жобасы аясында Қызылордада «Сөз маржаны» облыстық зияткерлік байқауы өтті. Байқауға аудан орталықтары мен Қызылорда қаласынан түрлі этнос оқушылары мен жастары қатысып, бақтарын сынады.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқауды өткізудегі мақсат - жастар арасында, оның ішінде түрлі этнос оқушылары мен студенттерге мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелеу.
Бес кезеңнен тұрған сайысқа қатысушылар шарт бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, ой-тұжырымын ашып, қойылған жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударып, фразеологиялық сөз тіркестерінің балама мағынасын айтулары тиіс еді. Білім жарысының қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды жаңақорғандық Диана Қаюмжан жеңіп алса, 2 орынды Жалағаш ауданынан келген Жанель Хамиева қанжығасына байлады, 3 орынды Қазалы ауданының оқушысы Дениза рашидова місе тұтты.
Байқауға арнайы тіл мамандары қазылық жасап, қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады