Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. Оған қала, аудандардан келген кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Медиаторлар отырысының модераторы Қ.Ақылбеков күн тәртібіндегі өңірде медиация институтын дамыту, ҚХА 25 жылдығы аясында аудандық деңгейлерде медиациялық бағыттағы әлеуметтік жобаларды енгізу, жергілікті БАҚ беттерінде медиация бойынша мақалалар жариялау мәселелерін ортаға салды.
«Бітім» медиация орталығының кәсіби тренер-медиаторы Л. Бақтыбаева қалада жүзеге асырылған мектептік медиация бойынша әлеуметтік жобаның нәтижесін тілге тиек етсе, қоғамдық медиатор Т. Сақтағанов облыстық ассамблея жанынан медиацияны насихаттау тобын құру туралы ұсыныс білдірді.
Қалалық қоғамдық медиаторы Н. Құрманғазиев және Қармақшы аудандық қоғамдық медиатор Е.Ұзақбаев қала және аудан көлемінде медиация бойынша атқарылған шараларға тоқталып өтті.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік