23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Қызылордада «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кубогына арналған мини-футболдан турнир өтті.
Турнирге мекеме, кәсіпорындар қызметкерлері, әуесқойлардан құралған 8 команда жасақталып қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс тартысты өтіп, өзара іріктеуден өткен командалар алдыңғы үштікке талпынды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды КБИ мөлтек ауданынан қатысқан әуесқойлар командасы, 2-ші орынды «Абзал и К», үшінші орынды ЕМС командасы қанжығаларына байлады.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Турнирге қатысқан командалар мен демеушілердің қолдауымен көп балалы отбасыдан шыққан 3 бүлдіршінге «Сырдария» жазғы демалу лагеріне жолдама табысталып, мектепке қажетті оқу құралдары қамтылған сөмке табысталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік