Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОблыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Берекелі шаңырақ-2019» жас отбасылар арасындағы облыстық байқау өткізілді. Байқауға 35 жасқа дейінгі 6 отбасы қатысуға ықылас білдірді, олардың арасында интернационал отбасылар да болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең, «Отбасы болу да – өнер» кезеңінде әр отбасы өздерін жан-жақты таныстырды. Екінші кезең, «Өнерлі өрге жүзерде» отбасылар өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезең, «Сұрақ-жауапта» байқауға қатысушылар өз кезектерімен экраннан ұяшық таңдау арқылы отбасы құндылықтары және салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Байқау қорытындысы бойынша Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылынан келген Бадаевтар отбасы жеңімпаз деп танылды. Қызылорда қаласының Белкөл поселкесінен келген Итемгеновтар отбасы ІІ орынды иемденді. Шиелі ауданының Керделі ауылдық округінен келген Шыныбековтер отбасы ІІІ орынға табан тіреді. Жүлделі орын иегерлері Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, Жеңімпаз отбасы қыркүйекте елордада өтетін байқаудың республикалық турында Қызылорда облысының атынан өнер көрсетеді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік