Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
15 жастағы жасөпірім кәріз құдығына құлған сәбиді аман алып қалды, – деп хабарлайды El.kz порталы syrboyi.kz-ке сілтеме жасап.
Баланы құтқарған – Арман Аманжолов. Ол Арал ауданы Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген. Бес ағайынды алдында екі тәтесі, екі ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында істейді екен.
Қызылорда қаласына оқуға құжат тапсыруға келіпті.
— Ол бала 2 жарым жаста анасының алдына түсіп зырғып бара жатты. Мен телефоннан әуен тыңдап келе жатқанмын. Кенет анасының жан даусы шықты. Қарасам екі аяғымен кәріз құдығына түсіп кетіпті. Бар ойым құтқару болды. Құдыққа түстім. Сол сәтте денелі бір аға жүгіріп келді. Ол бірінші баланы алды. Кейін мені шығарды. Балшық, сасық су екенін шыққан соң білдім, — дейді ол.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс