7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21 пайызға төмендеді, – деп хабарлайды El.kz.
2021 жылғы 30 маусымда ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облыстық департаменті есептерді қарау нәтижесі бойынша тауарлық газды таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне уақытша өтемдік тариф бекіткен еді.
– Оған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді. Осыған байланысты сот талқылаулары жүргізілді. Олардың барлығында департамент бұйрығы заңды деп танылды. Бұл бойынша Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының сомасы 1,4 млрд теңге негізсіз алынған кірісі тұтынушыларға биылғы жылғы 1 тамыздан бастап бір жыл мерзімге төмендету арқылы қайтарылатын болды. Оның ішінде халық үшін тариф 1 000 шаршы метрге қосымша құн салығынсыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін, 21% шамасында төмендейді, – деп мәлім етті ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?