Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлттық тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференция басында қатысушылардың назарына «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты көрме ұсынылды.
Конференцияға қатысушылар зұлмат жылдардың қасіретті кезеңін заман биігінен таразылап, тұжырым жасауға ұмтылыстың тағылымды қадамы жайында, ХХ ғасырдағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасы төгілген тарихтың шерлі беттерінің бірі болғандығы тұрғысында ой өрбітті.
Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды іс-шараларының бірі саналатын «Теңдессіз сый» акциясы аясында облыстық ассамблеяның құнды кітаптарын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы жанындағы «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залының кітапханасына сыйға тартты.
Конференция ҚР Президентінің Телерадиокешенінің «Чтобы помнили» қысқаметражды деректі фильмінің көрсетілімімен жалғасты.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік